Инвестициялық саясат департаменті Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (1 бірлік), 18-01-03 (негізгі қызметкердің 31.12.2024 ж. қоса алғанда баланың күтіміне байланысты демалыс уақытына) (жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана қаласы
225881
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Халықаралық қатынастар
- Сәулет
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Фармация
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың әлеуетті тізбесін қалыптастыру, талдау жүргізу, жобаның қажеттілігінің орындылығын айқындауды ескере отырып жобаларды іске асыру мүмкіндігін келісуді бағалау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында халықаралық тәжірибені зерделеу және талдау, жергілікті маңызы бар объектілерді сенімгерлікке басқарудың іске асырылуына мониторинг жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының құжаттамасын дайындауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органмен келісу, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және реконструкциялауға бағытталған республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік-жекешелікті дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау. Халықаралық қаржылық ұйымдарымен мемлекеттік-жекешелік мәселелер бойынша өзара іс-қимыл.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-28-18