3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті басшысының орынбасары, С-О-2 санаты, Б блогы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Аймақ

Павлодар облысы

Санат

С-О-2 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

357266

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің экономика және жоспарлау, бухгалтерлік есеп және есептілік, Департаменттің және аудандық басқармаларының мемлекеттік мүлкті басқару, республикалық бюджеттің атқарылуы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақтылы қаржыландыру және есептілікті қалыптастыру мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу. Көрсеткіштерді жинақтау, бөлім мен бөлімдердің қызметін талдау, негізгі қызмет бағыттары бойынша бөлім мен бөлімдердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Жетекшілік ететін бөлімдердің жұмысына жалпы басшылық ету, үйлестіру және жоспарлау. Департамент қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын, құжаттаманы басқару бойынша жұмысты сапалы ұйымдастыруын, бұдан басқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындауын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.06.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.06.2023 – 23.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 10 кіреберіс (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-18-04