Стратегия және даму департаменті Жобалық қызмет басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік), С-4 санаты, 14-02-02

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқармаға келіп түсетін құжаттарды орындау, олардың орындалу сапасы мен уақтылығына өзіндік талдау жүргізу, еңбек тәртібін сақтау. Басқарманың құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Министрлікте жобалық басқаруды енгізуге әдіснамалық қолдау көрсету. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін, ведомстволарын, ведомстволық бағынысты ұйымдарын үйлестіру және «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын, оның ішінде жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде іске асыру жөніндегі жобалардың орындалуына оның ішінде жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне мониторинг жүргізу. Жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде жобалық менеджмент қағидаттарын қолдану арқылы іске асырылатын денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық құжаттар мен мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарына мониторинг жүргізу. Өз құзыреті шегінде Министрлік әзірлейтін, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан келісуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу. Басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволарымен, ведомстволық бағынысты ұйымдарымен және өңірлік денсаулық сақтау басқармаларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық есептерді және ақпараттық-талдамалық материалдарды қалыптастыру. Басқарма құзыреті шегінде мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің кеңестерін, семинарларын және талдау материалдарын дайындауға қатысу. Атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.03.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.03.2023 – 14.03.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 мб

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-28-18