Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы (1 бірлік), С-О-5 санаты, №25-28-06-04 (А-блок)

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Биотехнология
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Фармация

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі, мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды, фармацевтикалық қызметпен айналысу бойынша лицензиялау қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібін жүзеге асыру. Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына сәйкестік мәселелерін үйлестіру және инспекциялар жүргізу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелетін салада тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында бақылауды жүзеге асыру. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, қарау. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.01.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.01.2023 – 16.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20Мб

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 13 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-11-79