Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-106 «Қазақстан Республикасында кәсіби патология кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-бабы 1-тармағына сәйкес халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету уәкілетті орган бекітетін медициналық көмек көрсету стандарттары негізінде жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта кәсіби патология бойынша мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін біріздендіру қажеттілігі туындап отыр, оның ішінде медициналық қарап-тексерулер жүргізу тәртібі, диагностика, емдеу, диспансерлік бақылау, аурудың кәсіби қызметпен байланысына сараптама жүргізу, медициналық оңалту және мүдделі ведомстволар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері қамтылады.

Осы мақсатта Стандарт жобасында қызметкерлерге профилактикалық қарап-тексерулер жүргізетін барлық кәсіпкерлік субъектілері үшін есептік құжаттаманы енгізуді көздейтін нормалар (2-тарау, 16-тармақ. Кәсіби патология кезінде медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы) қарастырылған.
            Осы стандартты әзірлеу және бекіту:
кәсіби ауруға күдігі бар немесе анықталған адамдарға мамандандырылған медициналық көмекті көрсету үдерістерін реттеуге және жүйелеуге;
          профилактика, диагностика, емдеу және оңалту кезеңдері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге;

санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жұмыс берушілермен және басқа да мүдделі тараптармен ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға;

еңбекке қабілетті халық арасында кәсіби аурушаңдық пен мүгедектікті төмендетуге;
          зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері жағдайында азаматтардың уақтылы әрі сапалы медициналық қызмет алуға құқықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  Осы бұйрықты қабылдау Қазақстан Республикасында профпатологиялық қызметті жетілдіру және жұмыс істейтін халықтың денсаулығын қорғау бойынша өзекті шара болып табылады.
          Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82 және 83-баптарына сәйкес, мүдделі тұлғалар мен бұқаралық ақпарат құралдарын қоғамдық талқылау жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.

Қоғамдық талқылау ZOOM платформасы арқылы 2026 жылғы 23 сәуірде сағат 16:00-де келесі сілтеме бойынша өтеді:

https://us06web.zoom.us/j/84029006162?pwd=SXZAvBLeSaYYOqPqShkFB72bYuMfLY.1⁠
          Конференция идентификаторы: 840 2900 6162

Қол жеткізу коды: 064955
           SIP арқылы қосылу: 84029006162@zoomcrc.com
           Қол жеткізу коды: 064955
           Қосылу нұсқаулығы: https://us06web.zoom.us/meetings/84029006162/invitations?signature=YBs0hSPL89Lf1Gu140aYE8qlfkHSI74eE7oMWfh6QrQ⁠