Медициналық бұйымдардың айналым ережелерін ЕАЭО заңнамасымен үйлестіру туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың айналымының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі Хаттаманы ратификациялау туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі. Жоба ЕАЭО-ның бірыңғай қағидаларына көшу бойынша өтпелі кезеңнің мерзімдерін ұзартуды көздейді, бұл нарық қатысушылары үшін құқықтық айқындықты қамтамасыз етуге және медициналық бұйымдар тапшылығы тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Пресс-релиз ресми сайтта орналастырылды: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15760827