Қырғызстандағы Қазақстан медицинасы күндері шеңберінде Қазақ көз аурулары ҒЗИ мамандары жұмыс кездесулерін өткізді

Жарияланған күні: 21 қыркүйек 2026

Сапар бағдарламасына кәсіби пікірталастар, бейінді бөлімшелерді аралау, пациенттерге консультация беру және практикалық тәжірибе алмасу кірді. Дәрігерлер бірлескен консультациялар барысында әртүрлі аурулары бар 10 пациентті қарап-тексерді. Олардың қатарында витреомакулярлық тракциялық синдромы (ВМТС), эпиретиналды мембранасы бар пациенттер, сондай-ақ мөлдір қабық ойық жарасы және екіжақты серозды ажырауы бар балалар болды. Расулов Идрис Рашидович «Балалардағы көру ағзасының жаңа түзілімдері» және «Жасанды интеллект көмегімен диагностикалық деректерді өңдеу» тақырыптарында баяндама жасады. Қырықбаев Дастан Рахметоллаұлы «Қазақстанның витреоретиналдық қызметі: медициналық көмекті ұйымдастырудан заманауи хирургияға дейін» тақырыбында баяндама ұсынды. Білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының өкілдері Қырғызстандық әріптестеріне офтальмологтардың біліктілігін арттыруға, заманауи білім мен офтальмология және офтальмохирургия саласындағы практикалық дағдылармен алмасуға бағытталған институттың білім беру бағдарламаларын таныстырды.