ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
2025 жылы мұнда жалпы ауданы 24 мың ш.м-ден асатын 9 қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Үй-жайлар, инженерлік желілер, операциялық блоктар мен палаталар жаңартылуда. Жұмыстарды 2027 жылы аяқтау жоспарланған. Қазіргі уақытта 6, 7, 8 және 9-шы қабаттар жөндеуден өткізілді. 5-ші қабаттағы жұмыстар аяқталу сатысында. Сондай-ақ, іргелес аумақ абаттандырылатын болады. Жобаның жалпы құны 4,2 млрд теңгені құрайды.
Кадрлық әлеуетті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы үш жылда ауруханаға 36 тәжірибелі және жас маман тартылды.