Ақтөбе облысындағы Алтықарасу дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Шүренов Жамбыл Ерболұлы ауылдың 2 200 тұрғынына медициналық көмек көрсетілетін жаңа медициналық нысанның мүмкіндіктері туралы айтып берді
Бейнелер саны: 1
Жарияланған күні: 25 тамыз 2026
1 / 1
Ақтөбе облысындағы Алтықарасу дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Шүренов Жамбыл Ерболұлы ауылдың 2 200 тұрғынына медициналық көмек көрсетілетін жаңа медициналық нысанның мүмкіндіктері туралы айтып берді. Жаңа дәрігерлік амбулатория ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде салынып, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда дәрігерге дейінгі тексеру және акушерлік қабылдау кабинеттері, сондай-ақ вакцинациялау және стерилизациялау жүргізуге арналған жеке бөлмелер қарастырылған. Сонымен қатар, тұрғындар осы жерде күндізгі стационар жағдайында ем қабылдап, физиотерапия және операциялардан, инсульттен кейінгі оңалту сеанстарынан өте алады. Енді ауыл тұрғындары дәрігердің консультациясын алу немесе басқа да медициналық емшаралардан өту үшін ауданға немесе облыс орталығына бару қажеттілігі жоқ.