ШУ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІ КЕҢЕЙТІЛУДЕ
Жаңа нысан пациенттерді қабылдау жағдайын жақсартып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы алаңы 2 885,44 шаршы метр болатын бір қабатты ғимараттың құрылысы 2026 жылғы сәуірде басталып, 2027 жылғы ақпанда аяқталады деп жоспарланған.
Жаңа қабылдау бөлімінде пациенттерді қабылдау және бастапқы тексеру үдерісін тиімді ұйымдастыруға, шұғыл әрі диагностикалық медициналық көмек көрсетуге қажетті жағдай жасалады.