ВАКЦИНАЦИЯ – БАЛАҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Жарияланған күні: 16 шілде 2026

Әрбір ата-ана баласының дені сау болып өскенін қалайды. Баланы қауіпті жұқпалы аурулардан қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі – уақытылы вакцинациядан өту.

№14 қалалық емхананың педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі Шырын Төлегенқызы Мамытованың айтуынша, нәресте алғашқы екпелерін перзентханада-ақ алады. Олар – туберкулезге және В вирустық гепатитіне қарсы вакциналар. Одан әрі вакцинация Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі.

Уақытылы вакцинацияның арқасында балалар дифтерия, көкжөтел, сіреспе, пневмококк инфекциясы, А гепатиті және басқа да қауіпті жұқпалы аурулардан қорғалады.

Құрметті ата-аналар! Балаларыңызды уақытылы вакцинациядан өткізіңіздер. Бұл – оларды ауыр аурулардан қорғаудың ең тиімді жолы.