Буындарды эндопретездеу: науқастардың белсенді өмірге оралуына медициналық көмек
Буындарды эндопротездеу – жоғары технологиялық медициналық көмектің заманауи әрі негізгі бағыттарының бірі. Мұндай операциялар ауыр сырқаттар мен жарақат салдарынан зардап шеккен пациенттерге созылмалы ауырсынудан арылуға, қимыл-қозғалыс қабілетін қалпына келтіруге және белсенді өмірге қайта оралуға мүмкіндік береді.
Медициналық көмек мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтер және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетіледі. Қазақстанда жыл сайын буындарды эндопротездеу бойынша мыңдаған операция жасалады, ал осы бағыттағы пациенттердің стационарлық емін қаржыландыруға 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.
Жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту отандық денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл пациенттердің заманауи әрі тиімді емдеу әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз етеді.