Қазақстанда медициналық инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жалғасуда

Жарияланған күні: 13 шілде 2026

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған 50-ден астам денсаулық сақтау нысанының құрылысын жүзеге асыруда.


Олардың қатарында:


✅ Қызылорда және Өскемен қалаларында 300 төсектік көпбейінді ауруханалар;
✅ Атырау облысының Өркен және Нұрсая шағын аудандарында жаңа емханалар;
✅ Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана;
✅ Талдықорған қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана.


2023–2025 жылдары елімізде 813 денсаулық сақтау нысаны салынды. Оның ішінде 655-і ауылдық жерлердегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету нысаны.