Дәрігердің жұмыс күні маңызды әрі сырғыған секундтардан басталады!
ҚМУ клиникасының жас анестезиолог-реаниматологы Бекзат Балташ күн сайын жауапты жұмысында пациенттің дертке берілмеуі үшін жанынан табылады. Анестезиолог-реаниматолог болу - ұйқысыз түндерді саналы түрде таңдау, жауапкершіліктің орасан зор жүктемесі және адам өміріне байланысты жедел шешім қабылдау. Алайда, ауыр ауысымнан кейін науқас адам көзін ашып, өз бетінше тыныс алып: «Рахмет», - дегенде, барлық шаршағаны ұмытылады.