Табиғат егіз етіп жаратқан Айзада мен Нұрзада Табиевалар бүгінде Қордай аудандық орталық ауруханасында қатар қызмет атқарып жүрген жас мамандар. 2001 жылы Қордай ауданында дүниеге келген егіз арулар мектепті тәмамдаған соң Бішкек медициналық колледжінде «Жалпы мейірбике ісі» мамандығы бойынша білім алып, туған жерге оралды.

Жарияланған күні: 12 маусым 2026

Еңбек жолын Жастар практикасы аясында бастап, тәжірибе жинақтаған олар 2023 жылдан бері Қордай аудандық орталық ауруханасында мейірбике болып қызмет атқарады. Қазіргі таңда екеуі де терапия бөлімшесінде науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетіп келеді.

Бала күннен қалыптасқан адамға көмектесу арманы оларды бір мамандыққа жетеледі. Бүгінде егіз мейірбикелер өз міндеттерін абыроймен атқарып, әріптестерінің құрметіне бөленіп жүр. Ортақ мақсаттары – халық денсаулығына қызмет етіп, медицина саласында кәсіби шеберліктерін одан әрі шыңдау.

#МеніңСүйіктіДәрігерім #МойЛюбимыйДоктор #ДеньМедицинскогоРаботника #МедицинаҚызметкерлеріКүні