Перзентханада салынатын БЦЖ вакцинасынан бастап ересек жастағы ревакцинацияға дейін – Ұлттық егу күнтізбесі адам өмірінің барлық кезеңдерін дерлік қамтиды.
Бейнеде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Иммунопрофилактика орталығының басшысы Нұршай Әзімбаева Қазақстанда қандай екпелер қарастырылғанын, олардың қашан жүргізілетінін және өмірдің әртүрлі кезеңдерінде қандай қорғаныс қалыптастыратынын түсіндіреді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне арналған жан-жақты түсіндірмені тамашалаңыз.