Абай облысында Ұлттық жоба аясында жоспарланған 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны толық салынды

Жарияланған күні: 01 маусым 2026

Абай облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жоспарланған алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 65 нысанның құрылысы толық аяқталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Аягөз ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Жұмыс сапары аясында вице-министр Аягөз ауданының орталық көпбейінді ауруханасына барып, ұлттық жоба шеңберінде пайдалануға берілген магниттік-резонанстық томография бөлімшесінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Вице-министрдің айтуынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді.

«“Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында Абай облысында жоспарланған алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының барлығы — 65 нысан салынды. Республика бойынша жалпы 813 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілсе, оның ішінде 655 нысан ұлттық жоба аясында іске асырылды», — деді Тимур Мұратов.

Ол елімізде ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатқанын атап өтті. Оның ішінде аудандық ауруханаларды көпбейінді ауданаралық медициналық ұйымдарға айналдыру көзделген. Бұл шамамен 4 миллион ауыл тұрғыны үшін жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Тұрғындармен кездесу барысында халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері де айтылды.

«2025 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетіп, тәуелсіздік жылдарындағы тарихи ең жоғары көрсеткішке жетті. Абай облысында бұл көрсеткіш 74,87 жасты құрады», — деді вице-министр.

Сондай-ақ ол нәресте өлімінің төмендегенін хабарлады.

«2025 жылдың қорытындысы бойынша нәресте өлімі 14%-ға тұрақты түрде төмендеп, тарихи ең төменгі деңгейге жетті – бұл дегеніміз - тірі туған 1000 балаға шаққанда 5,85 көрсеткіш. Абай облысында да көрсеткіш 25,6%-ға төмендеп, тірі туған 1000 балаға шаққанда 7,15-тен 5,32-ге дейін азайды.», — деп қосты Тимур Мұратов.

Халықпен кездесу барысында медициналық көмектің қолжетімділігі, кадрмен қамтамасыз ету, дәрі-дәрмекпен қамту және медициналық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Азаматтардың барлық өтініштері бойынша түсіндірмелер беріліп, жекелеген мәселелер жауапты құрылымдық бөлімшелердің қарауына алынды.

Жеке қабылдау барысында аудан тұрғындары жергілікті жерлерде медициналық көмекті ұйымдастыруға қатысты бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтерді.

Айта кетейік, саланы жаңғырту және медициналық көмек