Қазіргі өмір ырғағы бізді күннің көп бөлігін — кеңседе, оқу орнында, көлікте немесе үйде отырып өткізуге мәжбүрлейді. Алайда күніне небәрі 30 минут қозғалыстың өзі көңіл күйді жақсартып, күйзелісті азайтуға және денсаулықты нығайтуға айтарлықтай ықпал етеді.

Жарияланған күні: 01 маусым 2026

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы күнделікті өмірде дене белсенділігін әдетке айналдыруға көмектесетін қарапайым дағдылар туралы бейнеролик дайындады.