Бір мәйіттік донор 7–8 адамның өмірін сақтап қала алады.
А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы басқарма төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас трансплантологы Болатбек Баймаханов бүгінде Қазақстанда қандай ағзалар трансплантатталатыны, бір донор қанша адамның өмірін құтқара алатыны және дәрігерлер қандай нәтижелерге қол жеткізіп отырғаны туралы айтып береді.
Бүгінде бүйректі трансплантаттаудан кейін пациенттердің 80%-дан астамы 10 жылдан артық өмір сүреді, ал бауырды трансплантаттаудан кейін бұл көрсеткіш шамамен 74%-ды құрайды. Бұл жерде әңгіме тек өмір сүру ұзақтығы туралы ғана емес, оның сапасы туралы да болып отыр: пациенттер қалыпты өмірге, еңбекке қайта оралып, отбасын құрып, бала сүйіп жатыр.