Неліктен онкологиядағы заманауи диагностика уақытты қажет етеді?
Бүгінде онкологиялық ауруларды емдеу ісі ісіктің молекулалық ерекшеліктерін ескере отырып, жекелей таңдалады. Осы мақсатта пациентке ең тиімді әрі дәл ем тәсілін анықтауға мүмкіндік беретін молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізіледі. Мұндай диагностика 14 күннен 21 күнге дейін уақыт алуы мүмкін. Алайда дәл осы кезең дәрігерлерге оң нәтиже беру ықтималдығы жоғары емді таңдауға және тиімсіз терапиядан сақтануға көмектеседі. Неліктен күту кей жағдайда емнің маңызды бөлігіне айналатынын жоғары санатты онколог дәрігер Айша Молдашева түсіндіреді.