Қостанай облысындағы стационардың базасында үш бейінді бөлімше ашылды

Жарияланған күні: 02 сәуір 2026

2025–2027 жылдарға арналған қайта жаңарту жоспарын іске асыру шеңберінде Қостанай облыстық ауруханасының базасында үш бейінді бөлімше ашылды.

Пайдалануға берілген мамандандырылған бөлімшелер:
— 34 төсектік пульмонология бөлімшесі;
— 20 төсектік нефрология бөлімшесі;
— 25 төсектік гастроэнтерология бөлімшесі.

Бейінді бөлімшелердің ашылуы мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, пациенттерді тиімді бағыттауды қамтамасыз етуге және халықты медициналық қызметтермен қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.

 Бұған дейін медициналық көмек тәуліктік 27 төсектен тұратын бір терапия бөлімшесінде көрсетіліп, ол облыстың шамамен 590 мың тұрғынына қызмет көрсеткен.

Ашылу рәсіміне Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Еркебұлан Баязитов қатысты.