РАЦИОНДАҒЫ ҚАНТТЫ АЗАЙТУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР
Тәтті сусындарды тұтынуды шектеңіз (0,5 литрлік бөтелкеде шамамен 10 шай қасық қант болады).
Нектарлар мен шырын сусындарының орнына табиғи шырындарды таңдаңыз, бірақ шырындардың құрамында да табиғи қант бар екенін ұмытпаңыз. Күніне 1–2 стақаннан артық ішпеу ұсынылады. Ең пайдалы сусын – таза ауыз су.
Тәтті тіскебасарлардан бас тартыңыз. Олардың орнына жемістер, жидектер, жаңғақтар мен дәндерді таңдаңыз. Кептірілген жемістер мен жидектердің қант қосылмаған түрін таңдаңыз, бірақ оларды да аптасына 2–3 порциядан (1 порция – 20 грамм немесе шамамен 2 ас қасық) артық тұтынбаңыз.
Тәтті йогурттар мен сүзбелі кремдердің орнына қоспасыз йогурт пен сүзбені таңдаңыз, оларды өз қалауыңызша, мысалы, жидектермен дәмдеңіз.
Тәттіні құнарлы өнімдермен бірге тұтыныңыз. Мысалы, кондитерлік өнімдерді дайындағанда тұтас дәнді ұнды қолданыңыз, оған сұлы үлпектерін, жаңғақтарды, дәндерді, жемістер мен көкөністерді қосыңыз (сонымен қатар қант мөлшерін азайтуға тырысыңыз).
Кейбір адамдар үшін қанттан бірден толық бас тарту оңайырақ болуы мүмкін. Алғашқы апта – ең қиын кезең, кейін дәм сезу қабілеті аз қант мөлшеріне бейімделетіні байқалады.
Қантты шамадан тыс тұтыну семіздікке, қант диабетіне, жүрек-қан тамырлары ауруларына және зат алмасудың бұзылуына әкелетінін есте сақтаңыз.