ЕРТЕ АРАЛАСУ — САЛАМАТТЫ БОЛАШАҚҚА МҮМКІНДІК

Жарияланған күні: 24 наурыз 2026

Елімізде өмірінің алғашқы айларынан бастап балаларды қолдауға бағытталған ерте араласу және дамыту орталықтары қарқынды дамып келеді. Бүгінде бүкіл ел бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының базасында ашылған 370-тен астам дамыту және ерте араласу орталығы жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеті — даму кідірістерінің қауіптерін дер кезінде анықтау және бала мен отбасына кешенді көмек көрсету.

Орталықтардың ашылуы нәтижесінде ерте шақтағы балаларда даму бұзылыстарын анықтау деңгейі 21,5%-ға артты.

Орталықтарда мультидисциплинарлық командалар: педиатрлар, неврологтар, психологтар, логопедтер және ерте дамыту мамандары жұмыс істейді. Ерте араласу әсіресе өмірдің алғашқы 3 жылында аса маңызды — дәл осы кезеңде негізгі дағдылар: қимыл-қозғалыс, сөйлеу, когнитивтік және әлеуметтік қабілеттер қалыптасады. Уақтылы көрсетілген көмек мүгедектік қаупін едәуір төмендетіп, балалардың өз әлеуетін барынша ашуына мүмкіндік береді. Ата-аналар тек мамандардың консультациясын алып қана қоймай, сонымен қатар баланың дамуын күнделікті өмірде қалай қолдау керектігі жөнінде практикалық дағдыларды меңгереді.