Алматыда «Қамқорлық» орталығы ашылды: балаларға тегін оңалту қызметі қолжетімді бола түсті

Жарияланған күні: 10 наурыз 2026

Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында «Қамқорлық» ерте араласу орталығы өз жұмысын бастады.

Бұл нысанның ашылуы ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету үшін озық медициналық, білім беру және әлеуметтік технологияларды бір алаңда біріктіруге мүмкіндік берді.

Кешенді тәсілді іске асыру мақсатында орталықта мультидисциплинарлық команда құрылды. Оның құрамына невропатологтар, реабилитологтар, неонатологтар, психологтар мен дефектологтар кіріп, әрбір пациент үшін жеке оңалту бағдарламаларын әзірлейді.

Емдеу үдерісінің тиімділігі шунгит пен тұз бөлмелерін, иммерсиялық ваннаны, сондай-ақ когнитивтік дамуға және абилитацияға бағытталған сенсорлық кеңістіктерді қоса алғанда инновациялық терапия аймақтарын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

Орталықтың техникалық мүмкіндіктері күндізгі стационар режимінде күн сайын 50 балаға дейін қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл 21 күндік курс ұзақтығын ескере отырып, жылына шамамен 600 баланы қамтуға жағдай жасайды.

2025 жылдың қыркүйегінде ашылғаннан бері орталықта 120-дан астам бала білікті көмек алды. Сонымен қатар оңалту қызметтері халыққа МӘМС жүйесі шеңберінде толықтай тегін ұсынылады.

«Қамқорлық» орталығының қызметі балалардың арасындағы мүгедектік деңгейін төмендетуге және пациенттердің қоғамға табысты бейімделуіне бағытталған ерте араласудың халықаралық стандарттарын енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.