Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының санитариялық авиацияның мобильді бригадасы миокард инфарктісімен ауыратын пациентті Астана – Қостанай – Астана бағыты бойынша тасымалдады.
Жақында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының санитариялық авиацияның мобильді бригадасы миокард инфарктісімен ауыратын пациентті Астана – Қостанай – Астана бағыты бойынша тасымалдады. Пациентке шұғыл кардиохирургиялық операция қажет болды. Бригаданың құрамына ұшу барысында пациенттерді үздіксіз медициналық көмекті қамтамасыз еткен дәрігерлер Бейсенов Ахан, Тілекберді Саяхат және фельдшерлер Шәріпов Болат, Құндақбаев Ерұлан кірді. Мамандардың үйлесімді және жоғары кәсіби жұмысы пациенттерге қажетті медициналық көмекті уақтылы көрсетуге және олардың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«Екі бригада, ауыр жағдайдағы пациенттер, жолай жасалған тасымалдаулар және жолда да, ауруханаларда да өткен ұзақ жұмыс күні. Медициналық авиацияның өмірі — бұл әрдайым асығыстық, зор жауапкершілік және пациенттердің денсаулығы үшін үздіксіз күрес»,
– деп жазады мобильді бригаданың фельдшерлері әлеуметтік желідегі бейнежазбада.
