Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияға кандидаттарды іріктеу жүргізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық

көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияға

кандидаттарды іріктеу жүргізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ  

 

          Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) Министрліктің Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия (бұдан әрі - Комиссия) мүшелігіне кандидаттарды қосымша іріктеу жүргізіледі.   

          Комиссия Министрлік жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган болып табылады және стандарттарды, клиникалық хаттамаларды, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы және қолжетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды дайындау, сондай-ақ Кодекстің 25-бабына сәйкес субъектілерді аккредиттеу мақсатында құрылады.

          Комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі – ҮЕҰ), мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерінен тұрады. Комиссия құрамындағы мемлекеттік органдардың өкілдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен бірін құрайды. Әрбір ҮЕҰ-дан, мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдарынан Комиссияның құрамына тек бір ғана өкіл кіреді.

          Іріктеуге қатысу үшін кандидаттар жұмыс тобына мынадай құжаттарды ұсынады:

       1) еркін нысандағы өтініш;

       2) өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіби және (немесе) қоғамдық қызмет туралы мәліметтерді қамтитын, фотосуреті және байланыс деректері бар (телефон, электрондық мекенжайы) түйіндеме;

       3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

       4) медициналық жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі;

        5) денсаулық сақтау саласында, оның ішінде басшылық лауазымдарында және (немесе) мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл еңбек өтілімін растайтын құжаттың; ғылыми дәреже алу туралы құжаттың және (немесе) дипломның көшірмесі (бар болса);

   6) сотталмағанын растайтын құжат, соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалмағанын және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болмағанын растайтын құжат;

      7) психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы растаушы құжат.

ҮЕҰ-дың кандидаттары ҮЕҰ-ға мүшелікті растайтын құжатты ұсынады.

 

Комиссия мүшелігіне кандидаттардан құжаттар 2025 жыл 8 сәуірге дейін қабылданады мына мекен-жай бойынша: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы,   010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 5 подъезд, немесе электронды почта: seilbek.saidi@dsm.gov.kz арқылы. Анықтама үшін телефон: 8(7172)743185, 743135, 743170.

 

Оқиға күні

31 наурыз 2025

Оқиға түрі

Хабарландыру