«Қарағанды қаласындағы 300 төсектік университеттік аурухананың құрылысы және пайдалану» концессиялық жоба бойынша конкурстық өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімін ұзарту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бірінші кезеңдегі конкурстық өтінімдер мерзімін ұзарту туралы түсіп жатқан сауалдарға байланысты мынаны хабарлайды.
«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167-III Қазақстан Республикасы Заңының 17- бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу қағидаларының 15-тармағына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 13 тамыздағы № 526 бұйрығымен бекітілген конкурстық құжаттаның 3.2-тармағына сәйкес Министрлік конкурсты Ұйымдастырушы ретінде «Қарағанды қаласындағы 300 төсектік университеттік аурухананың құрылысы және пайдалану» концессиялық жобасы бойынша конкурсты өткізу графигінің 10-тармағына, 11-тармағына, 22- тармағына және 23-тармағына өзгерістер енгізеді:
|
Тармақтар№ |
Іс-қимыл |
Жоспарланған мерзім |
|
10. |
Бірінші кезеңдегі конкурстық өтінімдерін тапсырудың соңғы мерзімі |
2025 жылғы 30 маусым Астана уақыты бойынша 15:00-де [сағат 15.00-ден кешіктірмей] |
|
11. |
Бірінші кезеңнің конкурстық өтінімдері бар конверттерін ашу, конверттерді ашу хаттамасына қол қою |
2025 жылғы 30 маусым Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де [Бірінші кезеңнің конкурстық өтінімдерін тапсырудың соңғы мерзімінен кейін 2(екі) сағаттан кешіктірмей] |
|
22. |
Екінші кезеңнің конкурстық өтінімдерін тапсырудың соңғы мерзімі |
2025 жылғы 30 желтоқсан Астана уақыты бойынша сағат 15.00 [15.00-ден кешіктірмей] |
|
23. |
Екінші кезеңнің конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу, конверттерді ашу хаттамасына қол қою |
2025 жылғы 30 желтоқсан Астана уақыты бойынша 16.00 [екінші кезеңнің конкурстық өтінімдерін тапсырудың соңғы мерзімінен кейін 2 (екі) сағат ішінде] |
28 қараша 2024
31 қаңтар 2025
Конкурс