Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияға кандидаттарды іріктеу жүргізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) Министрліктің Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия (бұдан әрі - Комиссия) мүшелігіне кандидаттарды қосымша іріктеу жүргізіледі. Комиссия Министрліктік жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган болып табылады және стандарттарды, клиникалық хаттамаларды, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы және қолжетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды дайындау, сондай-ақ Кодекстің 25-бабына сәйкес субъектілерді аккредиттеу мақсатында құрылады. Комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі – ҮЕҰ), мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерінен тұрады. Комиссия құрамындағы мемлекеттік органдардың өкілдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен бірін құрайды. Әрбір ҮЕҰ-дан, мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдарынан Комиссияның құрамына тек бір ғана өкіл кіреді.
Іріктеуге қатысу үшін кандидаттар жұмыс тобына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіби және (немесе) қоғамдық қызмет туралы мәліметтерді қамтитын, фотосуреті және байланыс деректері бар (телефон, электрондық мекенжайы) түйіндеме; 3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) медициналық жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі; 5) денсаулық сақтау саласында, оның ішінде басшылық лауазымдарында және (немесе) мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл еңбек өтілімін растайтын құжаттың; ғылыми дәреже алу туралы құжаттың және (немесе) дипломның көшірмесі (бар болса); 6) сотталмағанын растайтын құжат, соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалмағанын және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болмағанын растайтын құжат; 7) психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы растаушы құжат. ҮЕҰ-дың кандидаттары ҮЕҰ-ға мүшелікті растайтын құжатты ұсынады.
Комиссия мүшелігіне кандидаттардан құжаттар 2024 жыл 7 қараша дейін қабылданады мына мекен-жай бойынша: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 5 подъезд, немесе электронды почта: seilbek.saidi@dsm.gov.kz арқылы.
Анықтама үшін телефон: 8(7172)743185, 743135, 743170.
29 қазан 2024
Хабарландыру