2023 жылғы 18 шілдеде «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Астана медицина университетінің түлектеріне салтанатты түрде дипломдар табыс етіледі.
Құрметті БАҚ өкілдері!
2023 жылғы 18 шілдеде «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Астана медицина университетінің түлектеріне салтанатты түрде дипломдар табыс етіледі.
Өтетін орны: Қазақстан, Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 1-үй, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры.
Іс-шара форматы: офлайн
Басталуы: сағат 11.00-де және 15.00-де.
Аккредиттеу: +7 705 424 20 84 Бақтыгүл Бейлхан, «МУА» КеАҚ Баспасөз қызметінің қызметкері.
Астана медицина университеті отандық медицинаның үздік дәстүрлерін дамытады, жыл сайын екі мыңнан астам жоғары білікті маман шығарады.
Мыңнан астам жас маман диплом алып, еңбек жолын бастайды. Олардың қатарында фармация, стоматология, қоғамдық денсаулық және менеджмент, мейіргер мектептерінің бакалаврлары, сондай-ақ медицина мектебінің шетелдік студенттері бар.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Парламент депутаттары, Астана қаласының басшылығы, ұлттық ғылыми орталықтар мен медициналық мекемелердің басшылары, университет оқытушылары, ардагер дәрігерлер және т. б. қатысады.
Іс-шараны өткізу бойынша қосымша ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7701 912 73 54
17 шілде 2023
Хабарландыру