«Медициналық ғылым және білім ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру» тақырыбында интернет-конференция

Қымбатты достар!

 Ағымдағы жылғы  19 шілдесінде сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін «Ашық диалог» порталында онлайн режимде «Медициналық ғылым және білім ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  Ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры Алдынгуров Дәулет Қадырұлы жауап береді.

Осы тақырып бойынша барлық сұрақтарыңызды онлайн режимде сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін «Ашық диалог» порталында қоюларыңызға болады.

Оқиға күні

18 шілде 2022

Оқиға түрі

Интернет-конференция