Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орындары арасында резидентурада медицина кадрларын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстың мәні: 2022-2023 оқу жылына резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Конкурс туралы ақпарат: Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 270/2020 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 15 желтоқсанда № 21802 болып тіркелді) сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) осы хабарландырудың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінім;

2) осы хабарландырудың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша сауалнама;

3) осы хабарландырудың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан ақпараттық карта;

4) осы хабарландыруға 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсыныстары.

Білім беру ұйымдары ұсынған ақпараттық карталардың көрсеткіштері бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда Комиссия білім беру ұйымының ақпараттық картасында көрсетілген растау құжаттарын сұратады.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, білім беру ұйымының бірінші басшысы оған қол қояды, мөрмен расталады. office@rcrz.kz, m.turysbekova@dsm.gov.kz электрондық адрес және қағаз түрінде 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел 8 даңғылы, Министрліктер үйі,5 кіреберіске 2022 жылғы 18 cәуірге дейін ұсынылады.

Байланыс телефон: 8 (7172) 700 950, 8 (7172) 74 31 93

 

Қосымша

 

 

Дата публикации
09 апреля 2022
Дата обновления
09 апреля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы