Ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік саясат шаралары біздің еліміздегі басым міндеттердің бірі болып табылады және стратегиялық құжаттарда, елді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларында, сондай-ақ халықаралық міндеттемелерде көрсетіледі.
Аналар мен балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері болып табылады және Қазақстанның болашақ денсаулығы, әл-ауқаты мен өркендеуі үшін шешуші мәнге ие.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы №12 «он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың және жастардың репродуктивті және психикалық денсаулығын қорғау жөніндегі медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Жастар денсаулық орталықтары (бұдан әрі – ЖДО) шеңберінде ерте жүктілік пен түсік түсірудің алдын алуға, кәмелетке толмағандар үшін репродуктивті және психологиялық денсаулықты қорғауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
ЖДО міндеттері-он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға және жастарға консультациялық, емдеу-диагностикалық, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау бойынша психоәлеуметтік және заңгерлік қызметтер көрсету. Сондай-ақ, денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерінің он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивті және психикалық денсаулығының ерекшеліктері туралы хабардар болуын арттыру.
ЖДО он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастар, ата-аналар мен педагогтар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау, оның ішінде ерте жыныстық өмірдің алдын алу, отбасын жоспарлау, контрацептивті өнімді пайдалану, қалаусыз жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
ЖДО алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдармен, басқа да медициналық ұйымдармен және бейіндік қызметтермен, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен ынтымақтастықта және сабақтастықты сақтай отырып, қызметті жүзеге асырады.