Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - кәсіпорын) директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу орны мен күні: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Райымбек даңғылы, 60.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Райымбек даңғылы, 60.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тің, вирустық гепатиттің алдын алуды, диагностикалауды және емдеуді ұйымдастыру, дерматовенерологиялық патологиясы бар халыққа жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыру және көлемін кеңейту, ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық және білім беру қызметін жүзеге асыру.
Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісім-шарттар жасайды, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Конкурсқа қатысушылар келесі талаптарға сай болуы тиіс:
1) «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттау курсынан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік алу туралы куәлік немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе МВА executive немесе full time дәрежесі, басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл.
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: 2021 жылғы 5-19 мамыр аралығында.
Конкурсқа қатысу үшін келесі тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жастан кіші;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі не еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері не жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;
6) денсаулық жағдайы туралы анықтама (086/у н.);
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында, электрондық түрде info@kncdiz.kz электрондық пошта мекенжайына ұсынылуы тиіс. Анықтама телефондары: (7273) 97-42-23.
Конкурсқа жіберілген кандидаттармен әңгімелесуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-ның Бақылау кеңесі жүргізеді.