Министерство здравоохранения Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности генерального директора РГП на ПХВ «Республиканский центр электронного здравоохранения» (далее - предприятие).
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) бас директорының бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды.
Конкурстың өтетін орны мен күні: Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхаммед Қонаев көшесі 10, 2021 жылғы 29 сәуірден бастап 2021 жылғы 13 мамырға дейін.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхаммед Қонаев көшесі 10, телефон (7172) 24-88-55 (1011), электрондық адресі: office@ezdrav.kz.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттық инфрақұрылымын (электрондық денсаулық сақтау) және медициналық статистиканы жетілдіру жолымен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жәрдемдесу.
Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар жасайды, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Конкурсқа қатысушылар келесі талаптарға сай болуы тиіс:
1) «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» даярлау бағыты бойынша жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және (немесе) МВА executive немесе full time дәрежесі, бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдауды бастау және аяқтау күні: 2021 жылғы 29 сәуірден бастап 2021 жылғы 13 мамырға дейін.
Конкурсқа қатысу үшін келесі тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жастан кіші;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқығын бұзушылықты жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі, немесе еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері, немесе жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;
6) денсаулық жағдайы туралы анықтама (086 / у нысан);
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін жоғарылату, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Құжаттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде электрондық түрде office@ezdrav.kz электрондық адресіне ұсынылуы тиіс. Құжаттардың түпнұсқалары сұхбат басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Анықтама телефондары: (7172) 24-89-56 (1089).
Конкурсқа жіберілген кандидаттармен сұхбатты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-ның Байқау кеңесі жүргізеді.
Место и дата проведения конкурса: г. Нур-Султан, ул. Конаева 10, с 29 апреля 2021 года по 13 мая 2021 года.
Место нахождения предпрятия: г. Нур-Султан, ул. Конаева 10, телефон (7172) 24-88-55 (1011), мэйл адрес office@ezdrav.kz.
Краткое описание основной деятельности предприятия: содействие развитию системы здравоохранения путем совершенствования информационной инфраструктуры системы здравоохранения (электронного здравоохранения) и медицинской статистики.
Основные должностные обязанности руководителя предприятия:
Руководит производственной, финансово-хозяйственной деятельностью организации здравоохранения, несет ответственность за принимаемые управленческие решения, сохранность и эффективное использование имущества организации, а также за результаты финансово-хозяйственной деятельности.
Определяет политику, стратегию деятельности организации и механизм ее реализации. Обеспечивает внедрение новых и совершенствование существующих организационных форм и методов работы персонала, направленного на дальнейшее повышение эффективности и качества оказываемой диагностической, лечебной и профилактической помощи, повышение качества и конкурентоспособности оказываемых услуг.
Несет персональную ответственность за соблюдение антикоррупционного законодательства, и принятию мер по недопущению проявлений коррупции со своей стороны и подчиненных ему лиц.
Осуществляет прием и увольнение работников. Заключает договора, совершает сделки с физическими и юридическими лицами. Издает по вопросам своей компетенции распоряжения и приказы, обязательные для всех работников.
Участники конкурса должны соответствовать следующим требованиям:
Дата начала и окончания приема документов у лиц, изъявивших желание участвовать в конкурсе: с 29 апреля 2021 года по 13 мая 2021 года.
Для участия в конкурсе не принимаются следующие лица:
1) моложе восемнадцати лет;
2) ранее совершившее коррупционное правонарушение;
3) имеющее непогашенную или не снятую в установленном законодательством Республики Казахстан порядке судимость.
Для участия в конкурсе, необходимо представить следующие документы:
1) заявление об участии в конкурсе;
2) резюме на государственном и русском языках;
3) автобиографию, изложенную в произвольной форме;
4) копии документов об образовании;
5).копию трудовой книжки или трудового договора, либо выписки из приказов о приеме и прекращении трудового договора либо другой документ, подтверждающий стаж работы;
6) справку о состоянии здоровья (ф. 086/у);
7) справку Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан об отсутствии судимости.
Участник конкурса может представить дополнительную информацию, относительно его образования, стажа работы, уровня профессиональной подготовки (копии документов о повышении квалификации, присвоении ученых степеней и званий, научных публикаций, а также рекомендации от руководства с предыдущего места работы и т.п.).
Документы должны быть представлены в течение 15 календарных дней со дня опубликования объявления в официальных средствах массовой информации или на интернет ресурсах уполномоченного органа в области здравоохранения, в электронном виде на адрес электронной почты - office@ezdrav.kz. Оригиналы документов предоставляются не позднее чем за один час до начала собеседования. Справки по телефонам: (7172) 24-89-56 (1089).
Собеседование с кандидатами, допущенными к конкурсу, проводит Наблюдательный совет РГП на ПХВ «Республиканский центр электронного здравоохранения» Министерства здравоохранения Республики Казахстан.