Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАН МЕН GX FOUNDATION ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Денсаулық сақтау министрлігінде гуманитарлық медициналық көмектің халықаралық бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстандағы ҚХР Елшілігінің және GX Foundation қайырымдылық ұйымының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу шеңберінде тараптар Қазақстан мен Қытайдың медицина, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.

Кездесуді аша отырып, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстан-Қытай денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимыл «Орталық Азия-Қытай» екінші Саммитінен кейін жаңа серпін алғанын, онда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің арасында 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастықты іске асыру жоспарына қол қойылғанын атап өтті.

«Біз қоғамдық денсаулық сақтау, аурулардың профилактикасы, медицинаны цифрландыру, медициналық білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы өзара іс-қимылды дамытуды қоса алғанда, жоспардың ережелерін іске асыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз», – деп атап өтті бірінші вице-министр.

Бүгінгі кездесу шеңберінде тараптар жаңа буын медицина кадрларын даярлау, тәжірибе алмасу және академиялық ынтымақтастық саласындағы бірлескен бастамаларды талқылады. Атап айтқанда, Қазақстанда Қытайдың жетекші медициналық университеттерінің филиалдарын ашу мүмкіндіктері қарастырылды, бұл озық білім беру технологияларын енгізуге және мамандарды даярлау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Практикалық ынтымақтастық жобаларына ерекше назар аударылды. Т. Сұлтанғазиев Қазақстанда қытайлық инвестициялар мен мамандардың қатысуымен заманауи көпбейінді клиника құру медициналық инфрақұрылымды дамытудағы маңызды қадам және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі әріптестіктің символы болуы мүмкін екенін атап өтті.

Кездесуді аяқтай отырып, тараптар әріптестікті кеңейтуге, ғылыми жобаларды іске асыруға және денсаулық сақтау саласындағы үздік практикалармен алмасуға өзара мүдделілігін растады.

Дата публикации
18 ноября 2025
Дата обновления
18 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы