№ 144 от 19.03.2026
«Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) 2026 жылға арналған қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде Қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы есепті айда Қордың шотына түскен активтер мөлшерінің 1,21 пайызы белгіленсін.».
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі А. Әлназарова