Анонс

АНОНС! Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу бойынша қоғамдық талқылаулар басталуы туралы хабарлаймыз.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағыттың жүзеге асырылуы жобалар картасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу нәтижелері бойынша қоғамдық талқылаулар өткізуді жоспарлап отыр.Осыған байланысты, барлық мүдделі тараптарды осы іс-шараға 2025 жылғы 3 қарашада сағат 16:00 - да Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ғимаратында, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 мекенжайындағы №1029 кабинетте немесе «Qosyl» платформасы арқылы қатысуға шақырамыз.

Іс-шараға қатысуға ниет білдірушілер, сондай-ақ «Qosyl» платформасына қосылу сілтемесін алу үшін 8 (7172) 74-37-97 телефоны арқылы хабарласа алады.

Анонс
Дата публикации
29 октября 2025