Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары
Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында төмендегідей мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі:
-
Инвестициялық келісімшарт (ИК)
Бүгінгі таңда инвестицияларды қолдау инвестициялық жобаны іске асыратын ҚР заңды тұлғасымен жасалған ИК аясында инвестициялық жеңілдіктер беру арқылы жүзеге асырылады.
– инвестициялық жоба бойынша (кедендік баждардан босату; шикізат және (немесе) материалдар импортына қосылған құн салығынан босату (ҚҚС); мемлекеттік заттай грант).
– инвестициялық басым жоба бойынша (кедендік баждардан босату; мемлекеттік заттай грант; салық жеңілдіктері (КТС – 10 жыл, жер салығы – 10 жыл, мүлік салығы – 8 жыл); шетелдік жұмыс күшін тарту құқығы).
-
Арнайы инвестициялық келісімшарт (АИК)
АИК инвестициялық жеңілдіктер беруді көздейді (заңды тұлғалар импорттаған пайдаланылған шикізат және (немесе) материалдарды кедендік баждардан босату; дайын өнім құрамындағы тауарларды импорттау кезінде ҚҚС-тен босату; көлік құралдары,, сондай-ақ олардың компоненттері құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар импортына ҚҚС-тен босату).
-
Инвестициялар туралы келісім, инвестициялық міндеттемелер туралы келісім (ИТК)
Кәсіпкерлік кодексінің (295-2-бап) аясында басым салаларда (кемінде 7,5 млн АЕК көлемінде) инвестиция жасайтын ірі инвесторлармен ИТК жасалады (инвестициялар көлемінің 30%-нан аспайтын заттай гранттар; технологиялық жабдықтарды, құрамдас бөлшектер мен қосалқы бөлшектерді импорттау кезінде кедендік баждардан босату; салық заңнамасының тұрақтылығы, КТС-тен 10 жыл, жер салығынан 10 жыл, мүлік салығынан 8 жыл босату; кедендік баждар мен ҚҚС-тен 5 жылға дейін босату және т.б.).
Бүгінгі таңда қр денсаулық сақтау министрлігімен халықаралық (шетелдік) ұйымдардан гранттар бөлу туралы келесі келісімдерге қол қойылды:
1. 2016 жылғы 20 желтоқсандағы "Қарағанды мемлекеттік медицина университеті" ШЖҚ РМК жанынан 300 төсек-орынға арналған көпбейінді клиникалық аурухананы салу және пайдалану" концессиялық жобасын консультациялық сүйемелдеу қызметтерін көрсету жөніндегі байланысты грант туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Францияның EXPERTISE FRANCE халықаралық техникалық сараптама агенттігі және Францияның Даму агенттігі арасындағы 2025 жылғы 28 мамырдағы ынтымақтастық туралы келісім.
Байланыссыз гранттарды тарту, пайдалану, мониторингілеу және пайдалануды бағалау қағидаларын бекіту туралы - "Әділет" АҚЖ https://share.google/48dK0xam9hi6riIqN
Байланысты гранттарды тартуға өтінімдер беру қағидаларын бекіту туралы - "Әділет" АҚЖ https://share.google/f7r4Aj3roCrfFqy2R
Дата публикации
04 августа 2025