Хабарландыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - Кәсіпорын) Кәсіпорынның директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тің, вирустық гепатиттің алдын алуды, диагностикалауды және емдеуді ұйымдастыру, дерматовенерологиялық патологиясы бар халыққа жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыру және көлемін кеңейту, ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық және білім беру қызметін жүзеге асыру.

Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:

1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Байқау кеңесінің шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

2) кәсіпорынның өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады;

            3) ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді;

         4) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды;

5) Кәсіпорынның атынан үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста әрекет етеді, сондай-ақ кәсіпорынның үшінші тұлғалармен қарым-қатынасында оны ұсыну құқығына сенімхат береді;

6) банк шоттарын ашады, бұйрықтар шығарады және барлық қызметкерлер үшін міндетті нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын қызметкерлерін қабылдауды, орнын ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады және т. б.

Конкурсқа қатысушылар келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:

 «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік (немесе сертификат) және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік; немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе executive МВA (бұдан әрi - ЕМВА (экзекютив ЭмБиЭй)) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Ғылыми дәреженің болғаны жөн.

Конкурсқа қатысушылар мыналарды білуі қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);

 

қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері; басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау; медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы; денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері; отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары; төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу күні 2025 жылғы «30» шілде және құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні 2025 жылғы                  «13» тамыз.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасын ұсыну қажет.

8) Кәсіпорынды дамыту стратегиясы туралы  презентация.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін  кәсіпорынға құжаттарды мына электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ұсынады: kadry@kncdiz.kz.

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні - 2025 жылғы «30» шілде.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: Алматы қ., Райымбек даңғылы, 60, 305 кабинет, анықтама телефоны         8 (727) 3974223, +7-707-732-8688

Конкурсқа жіберілген кандидаттармен әңгімелесуді кәсіпорынның Байқау кеңесі жүргізеді.

Хабарландыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - Кәсіпорын) Кәсіпорынның директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.
Дата публикации
30 июля 2025