Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2025 жылғы «24» маусымдағы № 406
бұйрығына 15-қосымша
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1) Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және дамыту басқармасынан;
2) Медициналық қызметтерге ақы төлеу әдістерін және тарифтерді қалыптастыруды жетілдіру басқармасынан;
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Функциялары:
1) медициналық сақтандыру, тариф белгілеу, болжау, жоспарлау, медициналық қызметтер тиімділігінің мониторингі жүйелерінің жұмыс істеуінің халықаралық тәжірибесін зерделейді, жинақтайды және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастырады;
2) МӘМС жүйесін дамыту саясатын айқындауға қатысады;
3) белгіленген құзырет шеңберінде құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізеді және МӘМС мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
4) МӘМС жүйесі мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
5) «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-мен (бұдан әрі – ӘлМСҚ) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларымен және МӘМС жүйесінің басқа да қатысушыларымен Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-қимыл жасайды;
6) аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және айқындайды;
7) МӘМС мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізуді үйлестіреді және оған қатысады;
8) бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін ӘлМСҚ-тың қаржылық және өзге де есептілікті ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімдерін әзірлейді;
9) ӘлМСҚ-тың даму бағыттарын, қызметінің негізгі көрсеткіштерін келісуге қатысады;
10) нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, соның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша және құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша мониторингті жүзеге асырады;
11) Департаменттің құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы бағдармаларды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарларын, Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
12) Департамент құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық кеңес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы еларалық нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
13) құзыреті шегінде Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
14) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін, сондай-ақ тарифтер мөлшерін әзірлейді және жетілдіреді;
15) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын әзірлейді және жетілдіреді;
16) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқықтар беру қағидаларын әзірлейді және жетілдіреді;
17) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және жетілдіреді;
18) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
19) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді басымдықпен қаржыландыруды қамтамасыз ету бөлігінде бағдарламалық құжаттардың орындалуына мониторинг жүргізу;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) Министрліктің ведомстволарынан және құрылымдық бөлімшелерінен өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға;
2) Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
3) жұмыс топтарын, басқа да консультативтік-кеңесші органдарды құру жөніндегі құқықтық актілерді әзірлеуге және нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың жобаларын дайындау үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының келісімімен олардың қызметкерлерін тартуға;
4) Департаменттің құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен және консультанттармен өзара іс-қимыл жасауға;
5) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және ведомстволық бағынысты ұйымдардың аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен өзара іс-қимыл жасауға;
6) өз құзыреті және берілген өкілеттіліктер шегінде мемлекеттік органдарда, халықаралық және қоғамдық ұйымдарда, конференцияларда, семинарларда, дөңгелек үстелдерде Министрліктің мүдделерін білдіруге;
7) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерден мәліметтер алуға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары бар.
1) оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;
2) Мемлекет басшысы, Президент Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, заң жобалау жұмыстары жоспарының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;
3) Департаменттің алдына қойылған міндеттерді орындауға;
4) қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға;
5) Министрліктің құқықтық актілерінде және Министрліктің басшылығының тапсырмаларында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3 - тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру