АНОНС! Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылға арналған №4 - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағытты іске асырудың жобалар картасына сәйкес 2025 жылғы 5 мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғаларды 2025 жылғы 5 мамырда сағат 11:00-де Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ғимаратында 1029-кабинетте немесе «Qosyl» платформасы арқылы өтетін іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Іс-шараға қатысуға ниет білдірушілер, сондай-ақ «Qosyl» платформасына қосылу сілтемесін алу үшін
8 (727) 374 37 97, 8 (778) 420 37 14 телефондары арқылы хабарласа алады.