ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесі (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорын Басқармасы Төрағасының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Нұра ауданы, Хусейн Бен Талал көшесі, 14 ғимарат. Анықтама телефоны: Б. Н. Қалмырза - 8 (7172) 573067.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Нұра ауданы, Хусейн бен Талал көшесі, 14 ғимарат.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Қазақстан Республикасының халқына медициналық авиация нысанында шұғыл медициналық көмек көрсету және жедел медициналық жәрдем мен шұғыл медициналық көмек көрсететін стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін үйлестіру, сондай-ақ кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:
1) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Байқау кеңесінің шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
2) Кәсіпорынның өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, Кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады;
3) ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді;
4) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды;
5) Кәсіпорын атынан үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста әрекет етеді, сондай-ақ Кәсіпорынның үшінші тұлғалармен қарым-қатынасында оны ұсыну құқығына сенімхат береді;
6) банктік шоттар ашады, бұйрықтар шығарады және барлық жұмысшылар үшін міндетті нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын қызметкерлерін қабылдауды, орнын ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады және т. б.
Конкурсқа қатысушылар келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, мамандық бойынша сертификаттау курсынан (қайта даярлаудан) өту туралы куәлік, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білімі» немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі немесе МВA executive немесе full time дәрежесі, Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты бар, басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Байқауға қатысушылар білуі керек: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын; «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығын;
қазіргі басқарушылық қызметтің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілерін;
денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін;
басқарудың экономикалық әдістері және ұйымның қызметін талдауды;
медициналық қызметтер нарығының жағдайын;
денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың үздік тәжірибелерін;
халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын статистика, өлшемшарттар мен көрсеткіштерді;
отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибені;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды;
төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыруды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу күні 2025 жылғы «10» қаңтар және құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні 2025 жылғы «24» қаңтар.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды:
1) конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаянды;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжатты;
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы.
7) Кәсіпорынды дамыту туралы презентацияны ұсыну қажет.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Кәсіпорынға құжаттарды электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ұсынады: b.kalmyrza@emcrk.kz құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін.
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні - 2025 жылғы «10» қаңтар
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Нұра ауданы, Хусейн Бен Талал көшесі, 14 ғимарат. Анықтама телефондары: 8 (7172) 573067.
Конкурсқа жіберілген үміткерлер Кәсіпорынның Байқау кеңесінде әңгімелесуден өтеді.