ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесі (бұдан әрі - Кәсіпорын) кәсіпорын бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Амангелді көшесі, 88, анықтама телефоны 8 (727) 261 65 25.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Амангелді көшесі, 88, анықтама телефоны 8 (727) 261 65 25, е-mail: info@mentalcenter.kz.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Психиатрия және наркология саласындағы ғыдыми бағдарламаларды іске асыру, республикалық деңгейде мамандандырылған медициналық көмек көрсету, республикалық деңгейде стратегиялық, үйлестіруші және жалпы ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыру, білім беру қызметі.
Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Байқау кеңесінің шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
2) Кәсіпорынның өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, Кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады;
3) ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді;
4) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды;
5) үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста Кәсіпорын атынан әрекет етеді, сондай-ақ оның үшінші тұлғалармен қарым-қатынасында Кәсіпорын атынан өкілдік ету құқығына сенімхаттар береді;
6) банктік шоттар ашады, бұйрықтар шығарады және барлық жұмысшылар үшін міндетті нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын қызметкерлерін қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады және т.б.
Конкурсқа қатысушылар келесі біліктілік талаптарға сай болуы керек:
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік (немесе сертификат) және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік; немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе executive МВA немесе full-time дәрежесі; немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; Басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; ғылыми дәреженің болғаны жөн.
Конкурсқа қатысушылар мыналарды білуі қажет: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын; сондай-ақ қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; Денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері; ұйымның қызметін басқарудың экономикалық әдістері мен талдауы; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы; денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер; статистика, халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштер; отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтаудағы денсаулық сақтауды басқарудағы халықаралық тәжірибе; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормалар; төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу күні 2024 жылғы «30» қазан және құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні 2024 жылғы «13» қараша.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген);
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
7) Кәсіпорын дамуының презентациясы.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын Кәсіпорынға электронды түрде мына электрондық пошта мекен жайына тапсыра алады: info@mentalcenter.kz, құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін.
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні – 2024 жылғы «30» қазан.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Амангелді көшесі, 88, анықтама телефоны 8 (727) 261 65 25, е-mail: info@mentalcenter.kz.
Конкурсқа жіберілген кандидаттармен әңгімелесуді Кәсіпорынның Байқау кеңесі жүргізеді.