«Клиникалық және эпидемиологиялық
көрсетілімдер бойынша адамдарды
АИТВ-инфекциясының болуына міндетті
құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы
№508 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша
адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия
медициналық зерттеп-қарау қағиданын 4-тармақтын 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1). АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҚДИАҒО), қан орталықтары және меншік нысанына қарамастан басқа да денсаулық сақтау ұйымдары;».
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. ҚДИАҒО меншік нысанына қарамастан АИТВ-ға тексерудің I кезеңі жүргізілген ұйымдарда және АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстық/қалалық денсаулық сақтау ұйымдарына АИТВ-инфекциясының болуы туралы нәтиже береді.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты оның ресми жариялымынан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |