«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы №ҚР ДСМ-84 «Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24082 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

        Көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

            «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7 бабының 31 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

            1-тармақта:

            1) тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

            «12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес иммундаудан кейінгі  қолайсыз көрініс жағдайын тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісінің нысаны;»;

            мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3), 12-4), 12-5), 12-6) тармақшалармен толықтырылсын:

            «12-1) осы бұйрыққа 12-1-қосымшаға сәйкес халықтың          санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру тағайындау туралы актісінің нысаны;

            12-2) осы бұйрыққа 12-2-қосымшаға сәйкес халықтың            санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру мерзімін ұзарту туралы актісінің нысаны;

            12-3) осы бұйрыққа 12-3-қосымшаға сәйкес халықтың            санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісінің нысаны;

            12-4) осы бұйрыққа 12-4-қосымшаға сәйкес халықтың            санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды тағайындау туралы актісінің нысаны;

            12-5) осы бұйрыққа 12-5-қосымшаға сәйкес өнімді (тауарды) сатып алу актісінің нысаны;

            12-6) осы бұйрыққа 12-6-қосымшаға сәйкес халықтың            санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы актісінің нысаны;»;

            92) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

            «92) осы бұйрыққа 92-қосымшаға сәйкес адамдарды жұмыстан уақытша шеттету жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысының нысаны;»;

            94) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

            «94) осы бұйрыққа 94-қосымшаға сәйкес бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау бойынша қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестер, әрекеттер) тоқтата тұру жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысының нысаны;»;

              94-1 тармақша алып тасталсын;

             96), 97) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

             «96) осы бұйрыққа 96-қосымшаға сәйкес уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысының нысаны;

            97) осы бұйрыққа 97-қосымшаға сәйкес бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау бойынша қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процестер, әрекеттер) тыйым салу жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысының нысаны;»;

             мынадай мазмұндағы 97-1) және 97-2) тармақшалармен толықтырылсын:

            «97-1) осы бұйрыққа 97-1-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысының нысаны;

            97-2) осы бұйрыққа 97-2-қосымшаға сәйкес адамдарды емдеуге жатқызуға жіберуді ұйымдастыру жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысының нысаны;»;

             98-1 тармақша алып тасталсын;

            99), 100) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

             «99) осы бұйрыққа 99-қосымшаға сәйкес уақытша санитариялық шараларды енгізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларын тіркеу журналының нысаны;

            100) осы бұйрыққа 100-қосымшаға сәйкес бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау бойынша қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процестер, әрекеттер) тыйым салу жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларын тіркеу журналының нысаны;»;

            102), 103) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

            «102) осы бұйрыққа 102-қосымшаға сәйкес адамдарды жұмыстан уақытша шеттету жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларын тіркеу журналының нысаны;

            103) осы бұйрыққа 103-қосымшаға сәйкес бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау бойынша қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестер, әрекеттер) тоқтата тұру жөнінде жедел ден қою шараларын  қолдану туралы Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгердiң қаулыларын тiркеу журналының нысаны;»;

            мынадай мазмұндағы 103-1), 103-2) тармақшаларымен толықтырылсын:

            «103-1) осы бұйрыққа 103-1-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарларды) өткізуден алып қою және кері қайтарып алу жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларын тіркеу журналының нысаны;

            103-2) осы бұйрыққа 103-2-қосымшаға сәйкес адамдарды емдеуге жатқызуға жіберуді ұйымдастыру жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларын тіркеу журналының нысаны;»;

            мынадай мазмұндағы 273-1) тармақшасымен толықтырылсын:

            «273-1) осы бұйрыққа 273-1-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексерулерді есепке алу журналының нысаны;.»;

            көрсетілген бұйрыққа 12), 92), 94), 96), 97), 99), 100), 102), 103) қосымшалар осы бұйрыққа 1), 2), 3),  4), 5), 6), 7), 8), 9) қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

            көрсетілген бұйрыққа 12-1), 12-2), 12-3), 12-4), 12-5), 12-6), 97-1), 97-2), 103-1), 103-2), 273-1) қосымшалар осы бұйрыққа 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20) қосымшаларға сәйкес толықтырылсын;

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

            1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

            2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

            3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

 

А.Әлназарова

 

 

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
01 июля 2024