Халықаралық интеграция бірлекстер ЭЫДҰ

ЭЫДҰ миссиясы

 

 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) миссиясы экономикалық өсуге және бүкіл әлемде адамдардың әлеуметтік әл-ауқатына бағдарланған саясатты жүргізуде жатыр.

ЭЫДҰ шеңберінде үкіметтер бірге жұмыс істей алатын, тәжірибемен бөлісетін және ортақ проблемаларды шешумен айналысатын форум болып табылады. Біз, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық өзгерістердің басты себептерін түсінуге тырысып үкіметтермен жұмыс жасаймыз. Біз сауданың және инвестициялардың өнімділігі мен жаһандық ағымдарын өлшейміз. Біз болашақ үрдістерді болжау үшін деректерді талдаймыз және салыстырамыз. Ауыл шаруашылығы мен салық салудан бастап  химиялық заттардың қауіпсіздігіне дейінгі адамзат қызметінің әртүрлі саласындағы  халықаралық стандарттар ды белгіледік.

Сондай-ақ, біз, салықтың мөлшері, әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары немесе бос уақыттың болуы сияқты әр адамның күнделікті өмірін  тікелей қозғайтын мәселелерді зерттейміз. Біз, әр түрлі елдердің мектеп жүйелері жас адамдарды қазіргі қоғамда өмір сүруге қалай дайындайтындықтарын және әр түрлі елдердің зейнетақы жүйелері қартайғанда азаматтардың игілігіне қаншалықты жақсы ықпал ететіндігін салыстырамыз. Нақты өмірлік тәжірибе деректеріне сүйене отырып, адамдардың өмір сапасын жақсартуға ықпал ететін саяси шаралар ұсынамыз. ЭЫДҰ-ның түрлі комитеттерінің көмегімен біз кәсіпкерлермен де, жұмысшылармен де жұмыс істейміз. Біз сондай-ақ басқа да азаматтық қоғам ұйымдарымен белсенді түрде ынтымақтастықта жұмыс жүргіземіз.  Барлық азаматтардың игіліктеріне бағытталған демократиялық институттардың қолдауымен нарықтық экономикаға жалпы бейімділік біздің бірлескен жұмысымыздың  негізін қалаушы қағидат болып табылады.

ЭЫДҰ, оның мүше-елдері, әр түрлі бағдарламалары мен жобалары туралы толық ақпарат ЭЫДҰ-ның  негізгі сайтында ағылшын және француз тілдерінде қолжетімді.

Международные интеграционные объединения ОЭСР
Дата публикации
31 декабря 2019