«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру мәселелері туралы

«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) одан жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚМУ» КеАҚ) және «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ЕГКАҰО» КеАҚ) бөлінуі жолымен қайта ұйымдастырылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «ҚМУ» КеАҚ мен «ЕГКАҰО» КеАҚ қайта ұйымдастырылатын қоғамның өз капиталының мөлшерi есебінен жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп «ҚМУ» КеАҚ,  «ЕГКАҰО» КеАҚ  жарғыларын бекітсін және олардың Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) «ҚМУ» КеАҚ,  «ЕГКАҰО» КеАҚ  акцияларының пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берсін.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзерістер мен толықтырулар бекітілсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                      Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2024 жылғы «     »            №       қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

  1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Қарағанды облысы» деген бөлімде

реттік нөмірі 214-19-жолы алып тасталсын

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 214-24 және 214-25-жолдарымен толықтырылсын:

«214-24. «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

214-25. «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.»

  1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлімде

реттік нөмірі «227-22. «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы»-жолы алып тасталсын

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 227-30 және 227-31-жолдарымен толықтырылсын:

«227-30. «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

227-31. «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».

  1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

реттік нөмірі 24-жолы алып тасталсын

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 32 және 33-жолдарымен толықтырылсын:

«32. «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

  1. «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».

 

«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру мәселелері туралы
Дата публикации
31 января 2024