Осы Қаулы жобасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексін іске асыру мақсатында әзірленген.
Қаулы жобасымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайлары айқындалған.
Жобаны іске асыру республикалық бюджет есебінен қосымша қаражат талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы көпшілік талқылау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды.