Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының
2024 жылға арналған комиссиялық сыйақысының
пайыздық мөлшерлемесінің шамасын белгілеу туралы
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-1) тармақшасына, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №1156 қаулысының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният