Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысымен белгіленген шекті шама
шеңберінде 2024 жылға арналған
әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорының комиссиялық
сыйақысының пайыздық
мөлшерлемесінің шамасын белгілеу туралы
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабының 5-1) тармақшасына, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы ___ ______ № қаулысының 1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген шекті шама шеңберінде 2024 жылға жылға арналған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) қызметін жүзеге асыруға арналған комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы есепті айда қордың шотына түскен активтер мөлшерінің 1,24 пайызынан аспайтын болып белгіленсін.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Корпоративтік даму департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Ғиният